183,6 млрд $: Қазақстанның сыртқы қарызы "қызыл сызыққа" жақындап келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал блогер тортқа Қонаевтың суретін саламын деп елден сөз естіді

Танымал блогер тортқа Қонаевтың суретін саламын деп елден сөз естіді
ашық дереккөзден

Танымал блогер Самат Бекебаев ауызашар дастарханына ерекше сый әзірлеп, әлеуметтік желіде жұрт назарын өзіне аударды. Ол Дінмұхамед Қонаевтың бейнесі салынған тортқа арнайы тапсырыс бергенін айтып, оны сый-кәде ретінде ұсынбақ ниетін жария етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогердің айтуынша, бұл әрекет еріккеннен жасалған дүние емес.

"Қонаев атамыздың суретімен арнайы сапалы торт жасаттық. Толық жеуге болады. Бұл кісіні насихаттау мақсатында осындай тапсырыс бердік. Бір мықты жанға ауызашарда сыйлаймыз", – деді ол видеода.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Көпшілік тарихи тұлғаның бейнесін тағамға салуды орынсыз деп бағалап отыр.

"Әр нәрсенің өз орны бар. Қонаев атамыздың бейнесін тортқа салу дұрыс па? Мұндай дүниені жеу қаншалықты орынды?" – деп жазды желі қолданушысы Ерлан Орынбек.

Самат Бекебаев Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия кеңістігінде де танымал блогерлердің бірі. Ол әлеуметтік жобаларымен, мұқтаж жандарға көмектесуімен, қайырымдылық акцияларымен жиі көзге түсіп келеді. Қажет жандарға азық-түлік таратып, түрлі әлеуметтік тәжірибелер ұйымдастыратыны да белгілі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер