Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал балалар тағамынан тышқан уы табылды: санэпидбақылау тексеріс жүргізді

Танымал балалар тағамынан тышқан уы табылды: санэпидбақылау тексеріс жүргізді
Фото: depositphotos.com

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Германияда өндірілген HiPP маркалы балалар тағамынан тышқан уы табылды деген БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Қазақстандық мамандар аталған ақпарат бойынша елдегі сауда желілерінде тексеру жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды kznews.kz "АқЖайық" басылымына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мұндай заңбұзушылықтар туралы Еуропалық одақтың құзырлы органдарынан RASFF жүйесі немесе ДДСҰ-ның INFOSAN желісі арқылы ешқандай ресми хабарлама түспеген. Яғни, халықаралық деңгейде тышқан уы немесе қауіпті өнім туралы ақпарат расталмаған.

Сонымен қатар, жарияланымдарда айтылған өнімнің ЕАЭО Бірыңғай тізілімінде тіркелмегені анықталды. Бұл оның Қазақстан мен одаққа мүше өзге елдер аумағында ресми түрде сатылуына тыйым салынғанын білдіреді.

Комитеттің аумақтық бөлімшелері өңірлердегі сауда нүктелеріне мониторинг жүргізіп үлгерген.

«Қазіргі уақытта тексеру нәтижелері бойынша аталған өнім ел дүкендерінен табылған жоқ. Дегенмен, тауардың сатылу фактілерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр», — деп хабарлады ведомство.

Соған қарамастан, мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады. Егер мұндай өнім дүкендерде немесе интернет алаңдарында кездессе, оны дереу Комитетке хабарлау қажет.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер