KZNews.kz
Жаңалықтар

Танымал әнші Динара Сұлтан "Қазақстанның еңбек сіңірген" қайраткері атанды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
instagram.com/dinara_sultan1

Белгілі қазақстандық әнші Динара Сұлтан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, марапаттау сәтінен бейнежазба жариялады.

«Бұл марапат — тек менің еңбегім емес. Бұл — менімен бірге еңбек етіп, сенім білдірген жандардың еңбегінің нәтижесі. Анамның, ұстаздарымның, отбасым мен жолдасымның қолдауының арқасы», – деп жазды әнші.

Динара Сұлтан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының төсбелгісі мен куәлігін алып, өзіне сенім артқан барлық қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары