KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Таңнан кешке дейін ТикТок-та отырады”: “Ерен еңбегі үшін” наградасын алған Анара Батырхан сынға қалды

• Айжан Сыланова

Анара Батырхан Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Марапатты оған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыстады, деп хабарлайды kznews.kz.

Халық әншіні елеулі шығармашылық еңбегі бар өнерпаздан бұрын, жеңіл контент түсіретін блогер ретінде қабылдайтынын айтып, марапатқа лайық емес деп есептеді.

Желіде «Мұндай мемлекеттік наградалар өмір бойы еңбек еткен ұстаздар мен дәрігерлерге емес, шоу-бизнес өкілдеріне оңай беріледі» деген реніштер көбейді.

Әншінің өзі бұл сынға жауап беріп, медаль оның өнер жолындағы көпжылдық табандылығы мен адал еңбегінің заңды нәтижесі екенін мәлімдеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →