Озған заман мен тозған мектеп: абайлық балалардың білім деңгейі қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Талибанның» жылдық табысы қанша?

«Талибанның» жылдық табысы қанша?

Астана. 25 желтоқсан. KAZISLAM – Батыс ақпарат құралдарында Ауғанстандағы «Талибан» террористік ұйымының табысы туралы мәліметтер пайда болды, деп жазады ВВС.

Басылым мәліметінше, «Талибан» ұйымына бір жылда әртүрлі заңсыз жолдар мен басқа да көздер арқылы 1,5 млрд доллар табыс кіреді. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш бірнеше есеге өскен. Мәселен, 2015 жылы тәліптердің жылдық табысы 400 млн доллардан аспаған болса, қазіргі уақытта 400 млн долларды террористік топ есірткі бизнесі арқылы ғана табады.

Сонымен қатар 50 миллион доллар заңсыз жерасты қазба байлықтарын саудалаумен кіреді. Осындай көлемде тағы тартып алу жолдарымен келеді. Қалған кірістерді шетелдік Иран, Пәкістан, бірқатар Парсы шығанағы елдері бөледі деген де деректер бар.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Жандос