KZNews.kz
Қоғам

Талғарда ұрланған қыздың тіліне сегіз тігіс салынды

Ayzhan Sylanova
Фото: primeminister.kz

Заңгердің айтуынша, бүлдіршінге ота жасалып, тіліндегі жарақатқа сегіз тігіс салынған.

– Күдікті автокөлігімен жардан құлаған кезде бала да көліктің ішінде болған. Салдарынан ол жарақат алып, тіліне тігіс салуға тура келді, – деп жазды Сариева.

Адвокаттың мәлімдеуінше, қыздың анасы медицина саласында еңбек етеді. Оқиға болған сәтте ол көршісінің үйінде болып, онкологиямен ауыратын науқасқа ем-дом көрсетіп жатқан.

Еске сала кетейік, күдікті мен жәбірленуші арасында бұрын тығыз қарым-қатынас болған. Жанжал кезінде ер адам жәбірленушінің ағасына мылтық кезеніп, оқ атқан. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Осыдан кейін күдікті баланы ұрлап, ізін суытқан.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары