Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Талғар ауданында тағы да бір жігіт пышақталып қайтыс болды

Талғар ауданында тағы да бір жігіт пышақталып қайтыс болды
Фотоиллюстрация: Kznews AI

Алматы облысы Талғар ауданындағы Нұра ауылында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға туралы ақпарат алғаш әлеуметтік желілерде таралып, кейін оны Алматы облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған. Марқұм туған ағасымен бірге зираттан қайтып келе жатқан кезде олардың жолын белгісіз көлік бөгеген. Екі тарап арасында ауызша жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдіктілердің бірі жас жігітке екі рет пышақ сұғып, оның өкпесіне ауыр жарақат салған. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілгенімен, 11 мамыр күні көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп, қосымша күштер жұмылдырылған. Ауыл маңына бақылау-бекеттері қойылды.

Күдікті ретінде марқұмның ауылдастары саналатын үш адам оқиға орнында ұсталды. Қазіргі уақытта оларға қатысты «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.