KZNews.kz
Аймақ

Талғар ауданында ер адам әйелін пышақтап өлтірді

Жарқын Омаров
Фото: polisia.kz

Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылының тұрғыны әйелін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиға 2026 жылдың 14 қаңтарында болған. Әйелдің денесіндегі жарақатты туыстары байқап, полицияға хабарлаған. Ер адам оқиға орнында ұсталды.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелді екі жерінен пышақтап, алған жарақаты салдарынан әйел бірнеше сағаттан кейін көз жұмған», – делінген хабарламада.

«НеМолчи» қоры оқиға 5 жасар қыздың көзінше болғанын, марқұмның әріптестері хат жолдағанын хабарлады.

Хаттардың бірінде «Анасы қансырап жатқанда жанында бес жастағы қызы болған. Әйелдер қашанғы күйеуінің қолынан өле береді? Ол жауыздан сәби күтіп жүр еді…», делінсе, екіншісінде әйелдің қансырап қайтыс болғаны жазылған.

Айта кетейік, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары