Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Талдықорған тұрғыны жатақханада газ баллонын жарып жібермек болды

Талдықорған тұрғыны жатақханада газ баллонын жарып жібермек болды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полицейлер келгенде қызба жігіт газ баллонының қасында пышақ және "зажигалка" ұстап тұрған

ТАЛДЫҚОРҒАН, 9 шілде — Sputnik. Талдықорған полицейлері 33 жастағы ер адамды суицидтен құтқарды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 8 шілде күні болды. Кезекші бөлімге қаладағы жатақханалардың бірінде отбасылы еркек жанымды қиямын деп сес көрсеткені туралы хабарлама келді.

Тағы оқыңыз: Жасөспірім өз-өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарды 

Оқиға орнына бірінші жеткен учаскелік инспекторлар Алмас Ақышев пен Берік Ысқақов өздерінің командирі, полиция подполковнигі Марат Әбілхамитовпен бірге жылдам қауіптің алдын алды.

Полицияның мәліметінше, пышақ және оттық (зажигалка) ұстаған қызба жігіт газ баллонының қасында тұрған.

Тәртіп сақшылары оның қолындағы оттықты қағып жіберген, дегенмен ер адам өзіне бірнеше жарақат салып үлгерген. Полицейлер жедел жәрдем шақырып, оны дәрігерлерге тапсырды.

"Қазір жәбірленушінің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство ер адам жергілікті психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұратынын, отбасымен бірге балалар үйлерінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне арналған уақытша жатақханада, яғни "Жастар үйі" деп аталатын бөлмелердің бірінде тұратынын атап өтті.

Суицид жасауға әрекеттену фактісі бойынша тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан