Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, түйеге мініп, дауыс беруге келгендер арасында 35 жастағы Ұлан Байзақов та бар. Ол соңғы 15 жылда түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша, бұл жануарды асырау оңай емес, дегенмен қос өркешті қастерлі малдың иесі болу бір ғанибет.
ақпарат: Nege.kz фото: gov.kz«Аптаның демалыс күндері түйемді орталық саябақтарға алып шығамын. Үстіне мінгеніне қуанған балаларды көрудің өзі бақыт. Осындай қызмет көрсетуден тапқан қаражатты түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсаймын. Бүгінгі сайлауға ертелетіп келіп, дауыс бердім. Себебі күні бойы түйе бағымына қатысты атқаратын шаруам көп», - дейді Ұ.Байзақов.