Әлеуметтік сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың 95,2 пайызы өмірге риза
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Талапкерлер грантқа өтінішті енді eGov арқылы бере алады

Талапкерлер грантқа өтінішті енді eGov арқылы бере алады
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Биыл жоғары оқу орнына мемлекеттік грантқа түскісі келетін талапкерлер өтінішті үйден шықпай-ақ eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы тапсыра алады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабрлауынша, жүйе жаңартылды. Енді eGov талапкердің бұған дейін конкурссыз грант алған-алмағанын автоматты түрде тексереді. Егер талапкер грант иесі болса, жүйе бұл туралы бірден көрсетеді және қайта өтініш берудің қажеті болмайды.

Ал қалған талапкерлер құжаттарын бұрынғы тәртіппен тапсыра береді. Егер жеңілдігі болса, өтініш кезінде оны көрсетуі керек. Жүйе жеңілдікті арнайы дерекқорлар арқылы өзі тексеріп, растайды.

Өтініш беру үшін:

eGov жүйесіне кіру керек;

«Азаматтарға» → «Білім» → «Жоғары білім» бөлімін таңдау қажет;

грант беру қызметін ашып, онлайн өтініш жіберу керек;

қажетті мәліметтерді толтырып, өтінішке қол қою қажет;

нәтижесін жеке кабинеттен бақылауға болады.

eGov Mobile қосымшасында да өтініш беру тәртібі осындай.

Мамандардың айтуынша, өтініш беру кезінде порталға көп адам кірсе, электронды кезек жүйесі қосылады. Кезек келгенше браузерді жаппау немесе бетті жаңартпау керек. Әйтпесе кезек жоғалып кетуі мүмкін.

Кезекті бақылап отырмас үшін талапкерлер:

SMS арқылы хабарлама алу функциясын қоса алады;

1414 қызметінен хабарлама күте алады;

қажет болса, телефон нөмірін қолмен енгізе алады.

Өтініш сәтті қабылданса, талапкердің eGov-тағы жеке кабинетіне грант конкурсына қатысқаны туралы электронды анықтама келеді.

Құжат қабылдау 13 шілде сағат 09:00-де басталып, 20 шілде сағат 18:00-де аяқталады. Ал грант нәтижелері бойынша сертификаттар талапкерлердің жеке кабинетіне 10 тамызға дейін жіберіледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі