Әлеуметтік желіде қыз балаларына арнап «Жұлдыз той» өткізген ата-аналардың видеолары таралып, көпшіліктің назарын аударды. Ерекше салтанат көріністері желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бірқатар қолданушы мұндай шараны жаңа үрдіс ретінде қабылдаса, енді бірі оның қазақ халқында бұрыннан бар дәстүр екенін еске салды. Ал кейбірі «Жұлдыз той» атауын алғаш рет естігенін жазған.
Алайда Жұлдыз той – қыз балаға құрмет көрсетіп, оның болашағына ақ тілек арнауға арналған көне қазақ ғұрпы. Дәстүр бойынша, қыздың құлағына алғаш алтын сырға тағылғанда да осындай мереке ұйымдастырылған. Кей деректерде той қыз бала 3, 5, 7 немесе 9 жасқа толғанда өткізілгені айтылады.