6,5 трлн теңгенің бағы мен соры: Ұлттық қордың қаржысы қайда жұмсалады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Таққа отырғызып алып шықты: Қыздарына «Жұлдыз той» жасаған ата-аналардың видеосы желіде қызу талқыланды

“Таққа отырғызып алып шықты: Қыздарына «Жұлдыз той» жасаған ата-аналардың видеосы желіде қызу талқыланды
Фото: видеодан скриншот

Жарияланған кадрлардан қыз балалардың сәнді киім киіп, арнайы дайындалған таққа отырғызылғанын және қонақтардың алдына салтанатты түрде шығарылғанын көруге болады.

Әлеуметтік желіде қыз балаларына арнап «Жұлдыз той» өткізген ата-аналардың видеолары таралып, көпшіліктің назарын аударды. Ерекше салтанат көріністері желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бірқатар қолданушы мұндай шараны жаңа үрдіс ретінде қабылдаса, енді бірі оның қазақ халқында бұрыннан бар дәстүр екенін еске салды. Ал кейбірі «Жұлдыз той» атауын алғаш рет естігенін жазған.

Алайда Жұлдыз той – қыз балаға құрмет көрсетіп, оның болашағына ақ тілек арнауға арналған көне қазақ ғұрпы. Дәстүр бойынша, қыздың құлағына алғаш алтын сырға тағылғанда да осындай мереке ұйымдастырылған. Кей деректерде той қыз бала 3, 5, 7 немесе 9 жасқа толғанда өткізілгені айтылады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.