Таяу Шығыс дағдарысы: Сауд Арабиясы Қазақстанның ұстанымына ерекше мән берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Таяу Шығыс дағдарысы: Сауд Арабиясы Қазақстанның ұстанымына ерекше мән берді

Таяу Шығыс дағдарысы: Сауд Арабиясы Қазақстанның ұстанымына ерекше мән берді

Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әл Сауд хат жолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд хаттарында Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан Президентінің Корольдікке қолдауы мен тілектестігін зор ризашылықпен қабыл алғандарын жазған.

Король мен Тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың тереңдігін айғақтайтын ұстанымды жоғары бағалап, барлық саладағы ықпалдастықты ортақ мүддеге сай одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растаған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына зор денсаулық, Қазақстан халқына бақ-береке тілейтіндерін жеткізген.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.