KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Тәй-тәй демейсіздер ме?”: Гүлмира Ізбасқан 30-ға келіп тұсауын кестірді (ВИДЕО)

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Гүлмира Ізбасқан бала күнінде жасалмаған тұсауын ересек кезінде қиып өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші өз жазбасында: «Ассалаумағалейкум. Менің тұсауым кесілмеген екен ғой. Бәсе, құлай беремін. 30 жастан асқан соң тұсау кескен қалай екен?! Мама, тәй-тәй демейсіздер ме?!» – деп бөлісті.

Осы сәтте ер адам тұсау рәсімін жүргізіп, ала жіпті пышақпен кесті, ал анасы оған батасын беріп, ақ тілегін арнаған:

«2026 жылы саған табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол. Өнерің өрлей берсін. Елдің елеулі, халықтың қалаулысы бол, қызым!»

Тұсауы кесілген соң әнші жердегі төрт заттың бірін таңдау керек болды, бірақ барлығын көтеріп алып, «Бұның бәрі – менің таңдауым» деп түсіндірді.

Желі қолданушылары оның әрекетіне жылы лебіз білдіріп, «Күйеуге шығасың енді», «Сыңарыңды тауып, бақытты бол, жаным», «Қадамыңа нұр жаусын» деп жазды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары