Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тағы сақалдылар! Жолда көмек көрсетпек болған жігіт соққыға жығылды

Тағы сақалдылар! Жолда көмек көрсетпек болған жігіт соққыға жығылды
Видеодан алынған кадр

Жолда ауыр жүк көлігіне маневр жасауға көмектеспек болған жас жігіт соққыға жығылды. Оқиға қоғамда қызу талқылануда, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жас жігіт жүргізушіден жылдамдықты азайтып, фураның қауіпсіз бұрылуына мүмкіндік беруді сұраған. Алайда бұл өтініш агрессияға ұласып, жеңіл көліктен бірнеше адам шығып, оны ұрып-соққан.

Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасағандардың арасында сақал қойған азаматтар болған.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Құзырлы органдар азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып, кез келген даулы жағдайды заң аясында шешу қажеттігін еске салды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.