Таэквондодан Қазақстан құрамасы 2026 жылды сәтті бастады. Болгария астанасы Софияда таэквондодан (WT) халықаралық Bulgaria Open 2026 турнирінде отандастарымыз 5 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлде жеңіп алды. G-2 санатындағы жарысқа ересектер арасында 56 елден 645 спортшы қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.
Нәтижесінде еліміздің ересектер арасында жалпыкомандалық медаль кестесінде 2 орынға тұрақтады.
Ел құрамасынан Еркебұлан Еңсегенов (54 келі), Эльдар Бірімбай (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Жавохирхон Исламов (58 келі), Тоғжан Қазнабек (57 келі) чемпион атанса, Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс, Айдана Құмартаева (46 келі), Жанель Сұлтанғалиева (46 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Батырхан Кусетов (80 келі), Жазира Иссина (57 келі) қола медаль алды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіресе, Ресей бірінші, Иордания үшінші орын иеленді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан таеквондодан БАӘ-де өтіп жатқан турнирде 3 медаль алды.