KZNews.kz
Шоу-бизнес

Сырым Исабаев пен Қайрат Нұртас қайта кездесті

Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаев ұзақ үзілістен кейін қайта жүздесіп, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Екі өнер иесінің кездесу сәтінен түсірілген бейнежазбаны әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Кадрлардан Қайрат пен Сырымның бір-бірін жылы қарсы алып, қуана амандасып жатқанын көруге болады.

Бұл әсерлі сәт көпшіліктің көңілінен шығып, тыңдармандар арасында ерекше ықылас тудырды. Бейнежазбаға пікір қалдырған Заттыбек Көпбосынұлы: «Екеуінен дуэт күтесіздер ме?» деп жазды.

Желі қолданушылары да бұл сұраққа белсенді жауап беріп, қос әншінің бірлескен жаңа туындысын асыға күтетіндерін жарыса жазуда.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →