"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Сыртымнан мысқылдап күлгендер”: Төреәлі Төлепов сауда үйінде куәлігін тексергенін айтты (ВИДЕО)

"Сыртымнан мысқылдап күлгендер”:  Төреәлі Төлепов сауда үйінде куәлігін тексергенін айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Танымал әншінің әкесі Төреәлі Төлепов сауда үйінде тосын жағдайға тап болды. Ол өзін танымаған екі жігіттің өтініші бойынша, жеке куәлігін көрсетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Turkystan.kz жазғандай, екі жігіт Төреәлі Төлеповты сыртынан көріп өзара бәстескен. Олардың бірі мұны әншінің әкесі деп санаса, екіншісі ұқсатпаған. Сондықтан олар назарын аудартқан азаматқа өздері келіп, мәселенің мәнісін түсіндірген. Оқиға орнынан түсірілген видеоны Төреғалидің әкесі әлеуметтік желіге жүктеді.

"Ассалаумағалейкум. Менің үйге азық-түлік алып жүргенім ешқандай таңқаларлық нәрсе емес деп ойлаймын! Қарапайымдылық — ең үлкен байлық. Адамды биіктететін атақ емес, жүректегі кішіпейілділік. Атақтан бұрын - адамдық, танымалдылықтан бұрын - қарапайымдылық. Немерелерімді күтіп алар алдында үйге керек азық-түлігін алып жүрмін. Сыртымнан мысқылдап күлгендер болса, "бастарыңызға келсін" деп батамды беремін. Алла сіздерді де дәл сондай немере бағатын, қызығына тоймайтын күндерге жеткізсін", - деп жазды Төреәлі Төлепов.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.