Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. А есебі
Автор: Алипова Газиза Сабитовна
Бағыты: Басқа Бөлімі: Басқа Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-16
Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.А –есебі. «Ой да көп , уайымда да көп – ойлай берсең ,Ой да жоқ , уайым да жоқ – ойнай берсең. »Мұхтар Әуезов. ХХІ ғасыр – жаһандану ғасыры , жаңашылдық заманы. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға дайындау..Сыни тұрғыдан ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау , өзіндік, жеке ойы болып табылады. Оқушының алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтауға, жағдайға байланысты өз пікірін айтуға, оны дәлелдей алуға, басқалардың пікірлерін тыңдауды және дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз «ойлау туралы ойлану» деген мағынаны береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады.Қажетті тапсырмаларды ойлау арқылы ой елегінен өткізуді қамтиды.. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибені түсінуді және пайымдау нәтижесінде алған білімдерін ұғыну , талдау , синтездеу кезінде қолданылатын әдістердің бірі. Оқушыда сын тұрғысынан ойлаудың арқасында әрекет жасауға түрткі болады. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді. Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздну қабілеттері дамиды жәнеқабілеті төмен оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.Сын тұрғысынан ойлау мәтіндерді есепке ала отырып бақылау және тыңдау арқылы дәлелдер келтіреді. Александр өз тәжірйбесінде жасап зерттеп балаларға білім берудің бес үлгісін анықтаған болатын.
- Механикалық есте сақтау – сабақ барысында айтылған фактілерді өмірде қолдана алуы.
- Декламация – сабақты қортындылау кезінде тест сұрақтары арқылы тарауды қайталап еске түсіру .
- Нұсқаулық- оқушыларға қалай жұмыс жүргізуге түсіндіруге бағытталған.
- Талқылау- кез-келген мәселені шешу барысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісу.
- Диалог- түсінгендері мен ойларын тездетіп жеткізуге ықпал ететін құрылымдалған кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы мақсатқа жету.(мұғалімдерге арналған нұсқаулық – 47 бет) .
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.