Жаңалықтар

"Шындықтың бәрін Сұлтан біледі": Атыраулық хакер бұрын-соңды ел естімеген деректі айтты (ФОТО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Шындықтың бәрін Сұлтан біледі": Атыраулық хакер бұрын-соңды ел естімеген деректі айтты (ФОТО)
коллаж: turkystan.kz

Атырау облысында із-түзсіз кеткен отбасы ісіне қатысты жаңа мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өзін "Атыраулық хакер" деп таныстырған желі қолданушысы қолындағы деректерге сүйеніп, кезекті ақпаратты бөлісті.

"Қазіргі таңда мендегі ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банктік карта Бали аралында тіркелгені туралы мәлімдегеннен кейін, банк отбасы мүшелерінің барлық банктік шоттарын бұғаттаған. Осыдан соң картамен төлем жасау да, оны пайдалану да толықтай тоқтатылды", – деді блогер.

Сонымен қатар блогер Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстарының тоқтатылғанын мәлімдеді.

"Бүгінгі күнге қарай Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында іздестіруді жалғастыру жөнінде ешқандай сұрау түспегені, соған байланысты іздеу шараларының тоқтатылғаны хабарлануда", – деді хакер.

Қазіргі таңда Наурыз бен Мейрамгүл әлі табылған жоқ.

"Осылайша, бұл екі адам әлі табылған жоқ. Ал әлі күнге дейін жауабы табылмаған "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген сұрақтың жауабын, менің ойымша, Сұлтан ғана біледі", – деп түйіндеді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz