Үкімет қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жаңа бірінші вице-министрді ведомство ұжымына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова таныстырды.
Шынар Ақпарова бұл қызметке дейін, 2025 жылдың қараша айынан бастап, Оқу-ағарту вице-министрі қызметін атқарған.
Ол 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер және білім сапасын бақылау саласында түрлі қызметтер атқарды.
2020-2023 жылдары Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары болды. Ал 2023-2025 жылдары осы департаментті басқарды.
2025 жылы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.