TikTok әлеуметтік желісіндегі @saeka_saeka аккаунтының иесі жариялаған видео жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Видео авторы Астанада тұратынын айтып, Шымкент пен оңтүстік өңір тұрғындарына қатысты ауыр пікір білдірген. Сонымен қатар, ол өзіне қарсы пікір айтатындарға мекенжайын айтуға дайын екенін мәлімдеген.
- Мен Астанада тұрамын. Оңтүстіктің, Шымкенттің ұлын да, қызын да жек көремін. Жігіттері қатын сияқтысыңдар, беттеріңе айтайын, келетін болсаңдар, адресімді айтайын. Көшеге итіммен шықсам, "О, ит" дейді, ит көрмегендей, - дейді бойжеткен.
Видеодағы сөздер әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды. Бірі мұндай мәлімдемелерді арандатушылық деп бағаласа, енді бірі қоғамда өңірге бөлінуді қоздыруға болмайтынын жазып жатыр.
Қазіргі уақытта видео TikTok пен өзге де әлеуметтік желілерде кең тарап, қызу пікірталасқа себеп болды.