KZNews.kz
Қоғам

Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)

Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Кеше Шымкент қаласында Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында үш көліктің жолаушылары мен жүргізушілері арасында қанды жанжал шықты. Қақтығыс көп ұзамай жаппай төбелеске ұласқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға салдарынан 40 жастағы ер адам көз жұмды. Оны оқиға болған жерден алып қашып, өлі күйінде Түркістан облысындағы бір ауданның аурухана маңына тастап кеткен. Тағы бір азамат пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Күдіктілер қашып үлгерген. 

Полицияның хабарлауынша бүгін төбелеске қатысқан төрт адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал бұзақылық пен адам өлтіру дерегі бойынша күдікке ілінген өзге тұлғаларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: бұзақылық, адам өлтіру және адам ұрлау деректері бойынша.

Асқар Алтайұлы
Автордың басқа материалдары