ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте лифт 8-қабаттан құлап, кабинадағы қыз ауыр жарақат алды

Шымкентте лифт 8-қабаттан құлап, кабинадағы қыз ауыр жарақат алды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Шымкенттегі жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт сегізінші қабаттан құлап, ішінде болған қыз аяғын қатты жарақаттап алды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, лифт жоғары көтеріліп бара жатып аяқ астынан төменге қарай құлаған. Сол сәтте тұрғындар қыздың айқайын естіп, әйнектің сынған дыбысы шыққанын айтады. Арада біраз уақыт өткенде кабина қайтадан жетінші қабат деңгейіне көтерілген. Қызды сыртқа шығарып, келген дәрігерлерге тапсырған.

“Лифт құлап, абыр-сабыр болып кетті. Адамдар көмекке жүгірді. Есіктерді ашып, қарап, шаммен жарық түсірдік, бірақ төменнен де, жоғарыдан да ештеңе көрінбеді. Ақырында жетінші қабаттан таптық. Лифт құлап, кейін қайта көтерілгендей болды”, – дейді тұрғын үй кешенінің күзетшісі Мұхтар Әуелбеков.

Айта кетерлігі, лифтке қатысты төтенше жағдай бұл кешенде алғаш рет емес. Бұған дейін көрші подъезде де лифт құлағаны белгілі болды, алайда ол кезде ешкім зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған жабық компрессиялық сынық диагнозын қойған. Сонымен қатар табан сүйектері де сынғаны анықталды.

“Қазіргі жағдайы орташа ауыр, ол тұрақты бақылауда, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – деп мәлімдеді басқармадағылар.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер