Шымкентте 21 жастағы жігіттің анасы қоғамнан көмек сұрап отыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, келіні тойдан кейін екі ай өткен соң баласының үстінен арыз жазған.
«Келін тойда билеп жүрді. 1,5 миллион теңге қалың малын бердік, беташар өтті. Артынан киім-кешегі әкелінді, құдалар келді. Тойын жасап, өте жақсы жағдайда өмір сүріп жатты. Бірақ екі айдан кейін баламның үстінен арыз жазып жіберді. Не болғанын түсінбей, дал болып қалдық», – дейді анасы.
Анасының сөзінше, бұл – жала. Оның айтуынша, барлық дәлелдер мен куәгерлер бар.
«Шымкент соты осы дәлелдерді ескерсе екен дейміз. Балаларымыз жазықсыз сотталып кетпесе екен», – деп алаңдайды.