Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте Дубайдан пәтер алған колледж басшылары ұсталды

Шымкентте Дубайдан пәтер алған колледж басшылары ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте екі колледж арқылы жүзеге асқан ірі қаржы жымқыру схемасы әшкереленді. Тергеу мәліметінше, 2018-2023 жылдары оқу орындарына студенттер тек қағаз жүзінде қабылданып, мемлекеттен 1,3 млрд теңгеден астам қаржы заңсыз алынған. Күдіктілер арасында колледж басшылары мен бухгалтерлер бар, ал схеманы ұйымдастырушы оны түрмеде отырып басқарған, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, талапкерлер колледждерге ресми түрде қабылданғанымен, іс жүзінде сабаққа қатыспаған әрі білім алмаған. Соған қарамастан оқу орындары мемлекеттік білім беру тапсырысы мен кадрларды қайта даярлау бағдарламалары арқылы бюджеттен қаржы алып отырған.

Колледж әкімшілігі студенттерді қабылдау, оқуға тіркеу және жұмысқа орналастыру туралы жалған бұйрықтар шығарған. Құжаттарды рәсімдеу кезінде электронды цифрлық қолтаңбалар қолданылған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, медициналық колледждің ақылы бөлімінде оқыған кейбір студенттер мемлекет қаржысы есебінен білім алып жатқандай рәсімделген.

Ал Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі шын мәнінде жұмыс істемеген. Тергеу нұсқасы бойынша, оқу орны тек бюджеттен қаржы алу үшін формалды құрылым ретінде пайдаланылған.

Тергеу барысында схеманы ұйымдастырған адамның бұған дейін де қаржы жымқыру ісі бойынша сотталғаны анықталған. Соңғы үш жылда ол түрмеде отырғанына қарамастан, заңсыз әрекеттерді қашықтан басқаруды жалғастырған.

Тергеу кезінде күдіктілер мемлекетке келтірілген шығынның 65 млн теңгесін өз еркімен өтеген.

Сот шешімімен үш пәтерге, оның ішінде Дубайдағы бір пәтерге, сондай-ақ үш тұрғын үй мен үш автокөлікке тыйым салынды.

Қазір екі күдікті қамауда отыр. Тағы үш адамға ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.