Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте әйел адам шанышқыны газға қыздырып, туған баласының аузын күйдірген (ВИДЕО)

Шымкентте әйел адам шанышқыны газға қыздырып, туған баласының аузын күйдірген (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзден

Ол үтікпен балаларының бетін, бөксесі мен ішін күйдірген

Шымкентте өз балаларын жүйелі түрде қорлап, соққыға жығып келген әйел сот алдында жауапқа тартылды, деп хабарлайды kznews.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот барысында экс-енесі балалардың анасына кешірім бергенін айтқанымен, заң балаларға қатыгездік көрсеткендерді жауапкершіліктен босатпайтыны атап өтілді.

Сот отырысында қатыгездік фактілерін дәлелдейтін видеоматериалдар ұсынылды. Сонымен қатар балалардан жауап алынып, оқиғаның мән-жайы қалпына келтірілді.

Балалардың айтуынша, анасы оларды асқан қатігездікпен жазалап, ұрып-соғып, қызған заттармен күйдірген және өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге барған. Айыпталушы сот залында зорлық-зомбылық фактілерін жоққа шығармаған.

«Тергеу кезінде берген жауабыңызды растайсыз ба? Ашуға бой алдырып, шанышқыны газға қыздырып, Махмұдтың аузын күйдіргеніңіз көрсетілген. Мұны растайсыз ба?

– Иә, растаймын.

– Сондай-ақ Махмудтың темекі шеккенін көрген соң үтікті қыздырып, оның беті, бөксесі мен ішін күйдіргеніңізді айтқансыз. Мұны растайсыз ба?

– Растаймын.

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Айта кетейік, туған балаларына қатыгездік жасалғаны туралы биыл жыл басында белгілі болған еді. Қазіргі уақытта балалар мемлекет қамқорлығына алынған. Олардың өмірі мен қауіпсіздігіне енді ешқандай қатер төніп тұрған жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.