Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте 24 метрлік құдыққа түсіп кеткен сәби құтқарылды

Шымкентте 24 метрлік құдыққа түсіп кеткен сәби құтқарылды
фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласындағы жер үйлердің бірінде жантүршігерлік оқиға болды. Бір жасар қыз бала тереңдігі 24 метр болатын құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды kznews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жер үйдің аумағында болған. «112» пультіне хабарласқан тұрғындар 2024 жылы туған қыз баланың абайсызда құдыққа түсіп кеткенін айтқан.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екенін анықтады. Бұл шамамен 8 қабатты ғимараттың биіктігімен тең.

Құтқарушылар арнайы альпинистік жабдықтарды қолдана отырып, құдықтың түбіне түсті. Күрделі жағдайға қарамастан, олар баланы алып шықты. Қыз бала бірден медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың денсаулығын тексеріп жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.