Катонқарағайда өтіп жатқан "Ақтанымын Алтайдың" республикалық ақындар айтысының марапаттау рәсімінде белгілі айтыскер, ақын Жүрсін Ерманға автокөлік тарту етілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Шығыс жұртшылығының бұл сыйы – қазақ айтысының дамуына үлес қосқан өнер иесіне көрсетілген ерекше құрмет пен ел ықыласының айқын көрінісі.