KZNews.kz
Аймақ

Шығыс Қазақстанда боранды күні жоғалған шопан аман табылды

Дархан Тоқан
Фото: Бейнежазбадан кескін

Шығыс Қазақстанда қатты боран кезінде жоғалып кеткен 1971 жылы туған ер адам аман-есен табылды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға Ұлан ауданының Бозанбай ауылында болған. Кешкі уақытта бір шаруа қожалығының екі жұмысшысы қой жаюға шығып, ауа райы күрт бұзылған соң өз күшімен кері қайта алмай қалған. Бірнеше сағаттан кейін олардың бірі ауылға өздігінен оралса, екінші азаматтан хабар үзілген.

Іздестіру жұмыстары жедел ұйымдастырылып, оған ТЖМ құтқарушылары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және шаруа қожалығының өкілдері жұмылдырылды. Құтқарушылар жоғары өткізгіш техникамен, қар шаналарымен, кинологиялық есептоппен жұмыс істеп, ал қожалық өкілдері аттармен және джиптермен көмектескен.

Нәтижесінде ер адам бүгін Қызылсу учаскесінен, шаруа қожалығы маңынан табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Құтқарушылардың мәліметінше, оған медициналық көмек қажет болмаған.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →