"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Светқали Нұржан | өмірбаяны

Светқали Нұржан |  өмірбаяны

Светқали Нұржан 1962 жылы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген. 1986 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген. Ауылдағы орта мектепті бітірген соң жылқышы, мұнай өндірісінде жұмысшы болған. Жоғары білім алғаннан кейін «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен», 1986-87) журналында, Қарақия аудандық мәдениет бөлімінде (1987-94), облыстық «Өнер» қорында (1994-95; 1995 жылдан осы қордың президенті) қызмет істеген. Нұржанның өлеңдері облыстық және республикалық мерзімді баспасөзде, студенттердің жыр жинағында («Аудитория», 1984) жарияланған. 1993 жылы «Аруана» атты жеке жинағы, бұдан кейін үш томдық «Таң қауызын жарғанда» жинағы (2002) жарық көрді. «Дарын» (1996), Қазақстан Жазушылар одағының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының және әдебиет саласындағы Президенттік стипендияның иегері.

Автор
Мадияр