KZNews.kz
Спорт

Сүйінші! Нариман Құрбанов Парижде өткен FIG World Challenge Cup турнирінде алтын медаль иеленді

Айжан Сыланова

Қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай жинап, қарсыластарынан оза шығып, бірінші орынды иеленді.

Күміс жүлде Армения гимнасты Гамлет Марукянға бұйырса (14,800 ұпай), үздік үштікті Италия өкілі Габриэль Таргетта түйіндеді (14,733 ұпай).

Айта кетейік, Нариман Құрбанов – Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан тұңғыш Олимпиада жүлдегері.

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары