ҚТЖ топ-менеджерлері былтыр 1,036 млрд теңге сыйақы алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сұрағы көп суицид: тағы бір ауыл әкімі өзіне қол жұмсады

Сұрағы көп суицид: тағы бір ауыл әкімі өзіне қол жұмсады
Фото: ашық дереккөздерден

Өкінішке қарай, тағы бір ауыл әкіміне қатысты қайғылы жағдай тіркелді. Оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған, деп хабарлайды kznews.kz. Halyqstan телеграмм арнасына сілтеме жасай отырып.

Алдын ала мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданындағы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смаилов өз-өзіне қол жұмсаған.

Ол бұл қызметке 2026 жылдың 17 ақпанында ғана тағайындалған еді. Бұған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиға кеше болған. Қазір оның мән-жайы анықталып жатыр.

Айтпақшы, бұл ауыл әкімдері арасында болған алғашқы жағдай емес. Жақында Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйінде табылған болатын. Ал 2025 жылдың желтоқсанында осы аймақтағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов те өмірден өз еркімен кеткен еді.

Құқық қорғау органдары әзірге ресми қорытынды жариялаған жоқ.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.