АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында кәсіпқой бокстан турнир аяқталды. Бокс кешінің басты кездесуінде супер ауыр салмақта WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер мен ұлыбританиялық Тайсон Фьюри кездесті.
12 раундтық кездесудің қорытындысы тең аяқталды - 115:111, 110:114, 113:113. Фьюри 9-шы және 12-ші раундтарда нокдаунда болды.
40 кездесу өткізген Уайлдер үшін бұл бірінші тең нәтиже. Ол өзінің спорттық мансабында бірде бір рет жеңіліп көрмеген. 39 кездесуінде жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. 27 жекпе-жек өткізген Фьюри де спорттық мансабында бірінші рет тең нәтижені тіркеді.
Уайлдер 2018 жылы екінші жекпе-жегін өткізді. Наурызда ол Луис Ортисты нокаутқа түсірген еді. Фьюри болса, биыл осыған дейін екі рет шаршы алаңға шықты. Біріншісінде ол Сефер Сефериді жеңді, кейін Франческо Пьянетаны жеңді.