Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банктің не ойлағаны бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Сұңқар, Құлан, Лашын, Аспан”: Қазақстандағы ЛРТ қалай аталады?

“Сұңқар, Құлан, Лашын, Аспан”: Қазақстандағы ЛРТ қалай аталады?
Фото: BAQ.kz

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесіне жаңа атау берілді. Қалалық ономастикалық комиссияның қолдауымен жоба енді «Тарлан Астана» деп аталатын болды, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек мәлімдеді.

Осылайша, көпшілікке ЛРТ атауымен белгілі болған көлік жүйесінің техникалық атауынан бас тарту туралы шешім қабылданды. Әкімдікке тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардан бірқатар ұсыныс түскен, олардың қатарында Қазақстан Жазушылар одағының елордалық филиалы да бар.

Жаңа атауды таңдау барысында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан» және «Аспан» секілді нұсқалар қарастырылған. Нәтижесінде депутаттар мен комиссия мүшелері «Тарлан Астана» атауын қолдады.

Жауапты мамандардың айтуынша, «тарлан» ұғымы қазақ мәдениетінде жылдамдықты, еркіндікті, күш пен сенімділікті білдіреді. Сондықтан жаңа атау заманауи көлік жүйесінің мәні мен елорданың келбетін айқындайтын бренд ретінде таңдалған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.