Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,
Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.
Қырық парыздың біреуі осы дейді,
Исламда атқарар міндетке арнап.
Айың жарық, күндерің ашық болсын,
Пәлі-құла Қырық кез қашық болсын.
Жүрегіне Алладан нұр құйылып,
Өміріне жететін несіп болсын.
Бұл сүндет Әлми сақтан порым болған,
Бұл Жұмай ақ тілеуімен орындалған.
Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін,
Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған.
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Бисмиллаһир-рахманир-рахим
Мұсылман болдың, қарағым,
Кәне бері қарағын.
Шырағын жағар ұлысың,
Ата менен ананың.
Таудай болсын талабың,
Алтын менен күмістен,
Жасалсын барлық жарағың.
Көрімдігің мінеки,
Бар ма тағы қаларың?
Қой сұрасаң, қой берем,
Тай сұрасаң, тай берем,
Зат сұрасаң, зат берем.
Ат сұрасаң, ат берем.
Батырлығың байқалса.
Сауыт берем Ақберген.
Мұратыңа жете бер,
Күннен-күнге өсе бер,
Ұзақ болып өмірің,
Өміріңнің түйінін,
Өз қолыңмен шеше бер.
Әумин.
Мұсылман болдың, қарағым,
Кәне бері қарағын.
Шырағын жағар ұлысың,
Ата менен ананың.
Таудай болсын талабың,
Алтын менен күмістен,
Жасалсын барлық жарағың.
Көрімдігің мінеки,
Бар ма тағы қаларың?
Қой сұрасаң, қой берем,
Тай сұрасаң, тай берем,
Зат сұрасаң, зат берем.
Ат сұрасаң, ат берем.
Батырлығың байқалса.
Сауыт берем Ақберген.
Мұратыңа жете бер,
Күннен-күнге өсе бер,
Ұзақ болып өмірің,
Өміріңнің түйінін,
Өз қолыңмен шеше бер.
Әумин.
#казакша туралы қазақша на казахском
#сүндет той бата тілектер
#сүндет той құттықтау
#сүндет той
#сүндет тойға тілек
#сүндет тойға бата
#сүндет тойга тилектер тілек
#Қазақша Баталар жинағы: сүндет тойына арналған Бата - Тілек Қазақша Баталар жинағы
#Қазақша Баталар сайты
#Баталар жинағы
#казакша бата сундет той
#сүндет тойына арналған Бата - Тілек
#сундет той тилек
#сундет той казакша
#сундет тойга тилек казакша
#сүндет той тилектер
#сундет тойга шакыру
#сундет той куттыктау
#сундет той что это
#сундет той это
#сундет той картинки
#сундет той бата
#сундет той батасы
#сүндет той сценарий