Millar басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда бірнеше жылға созылған отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.
Тергеу деректеріне сүйенсек, келін мен ене арасындағы түсінбеушілік пен қызғаныш көп жыл бойы жалғасып келген. Үй ішіндегі ұрыс-керіс жиі қайталанып, соңында келін ашуға бой алдырып, енесіне пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақатынан сол сәтте көз жұмған.
Қылмысын жасыру үшін келін мәйітті бөлшектеп, ауланың бір бөлігіне көмген. Күйеуі болған жағдайды білген соң, әйелінің әрекетіне наразы болып, айқай шығарған. Бірақ ашуға мінген келін оған да пышақ сұғып, күйеуін өлтірген.
Осыдан кейін әйел ештеңе болмағандай асүйге кіріп, манты пісіріп, тіпті оны көршілеріне таратқан. Осылайша ол айналасындағылардың күдігін сейілтпек болған.
Бірақ көп ұзамай шындық ашылып, әйел қамауға алынған. Сот үкімі бойынша ол кінәлі деп танылып, 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.