Аты аңызға айналған боксшы Артуро Гаттидің 17 жастағы ұлы Мексикада көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жасөспірімнің денесі Мехико қаласындағы пәтерден асылған күйінде табылған. Қазір оның өлімінің нақты себебі анықталып жатыр. Бірақ оқиғаның сипаты әкесінің 2009 жылы болған жұмбақ өліміне ұқсас екені айтылады.
Марқұм бала кезінен әкесінің жолын қуып, алты жасынан бері бокспен айналысқан. Ол Монреаль қаласында жаттығып, 2025 жылдың маусым айында Мехикода өтетін Хуан Эстрада жекпе-жегінің андеркардында кәсіби дебютін жасамақ болған. Алайда кейін оның есімі қатысушылар тізімінен алынып тасталған.
Айта кетсек, Артуро Гатти – итальяндық текті канадалық боксшы, үш мәрте әлем чемпионы атанған. Ол 2009 жылы Бразилияның Порту-де-Галиньяш қаласында 37 жасында жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Сол кезде де оның денесі асылған күйінде табылып, кейін тергеу боксшының тұншықтырылғанын анықтаған еді.