Әзербайжанда 37 жастағы ер адам ӘР Қылмыстық кодексінің 152.2-бабы (14 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу) бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды kznews.kz.
1news.az жазуынша, Әзербайжанның аймақтарының бірінде 37 жастағы ер адам өзінің 13 жасар балдызымен интимдік байланыста болғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Аудандық сот ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырды. Осы жылдың сәуір айында 13 жасар қыздың 10 апталық жүктілігі анықталған. Кейінірек оның өз жездесімен (әпкесінің күйеуімен) байланыста болғаны белгілі болды.
Сотталушы қызға үйленуге уәде беріп, азғындық әрекеттерді өзі тұратын пәтерде жасаған. Оқиға түнде, үйінде әйелі мен үш баласы болған кезде орын алғаны айтылады. Сот отырысында жәбірленуші қыз бен оның отбасы мүшелері ер адамға ешқандай шағымдары жоқтығын мәлімдеген. Олар туыстық байланыстарды алға тартып, оны кешіргендерін және қамалуын қаламайтындарын жеткізген.