Шоу-бизнес

«Сұлусыз, Мәскеуге көшіп келе аласыз ба?»: Ресейдің халық әртісі Баян Мақсатқызына ұсыныс жасаған

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
«Сұлусыз, Мәскеуге көшіп келе аласыз ба?»: Ресейдің халық әртісі Баян Мақсатқызына ұсыныс жасаған
kznews.kz коллажы

Ресейлік «Культура» арнасының белгілі жүргізушісі, Святослав Бэлза Баян Мақсатқызына Мәскеуге көшіп кел деп ұсыныс тастаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы продюсер әрі тележүргізуші Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, естеліктерімен бөлісті.

"Алматыдағы алғашқы Вена балы. Ол кезде менің жасым шамамен 36-да, жас, көрікті едім. Қос жүргізушім – Святослав Бэлза. Кеш өте жағымды өтті. Мен ол кезде өз бағдарламамның авторы әрі жүргізушісі едім. Сәтін пайдаланып, Святославты келесі күні-ақ тікелей эфирге шақырдым. Ол "элегантный", тіпті керемет болып келді. Қалыпты эфир болды: бір сағат бойы жайлы әңгімелестік. Шынымды айтсам, не туралы сөйлескеніміз қазір есімде жоқ. Эфир аяқталды. Сол кезде Святослав күтпеген жерден: «Сіз Мәскеуге көшіп бара аласыз ба? Мен сізді “Культура” арнасына жұмысқа шақырамын. Сөзіңіз анық, дикцияңыз тамаша, сіз керемет жүргізушісіз, әрі сұлусыз. Көрерменнің ықыласына тез бөленетініңізге, танымал болатыныңызға сенімдімін. Пәтерді арнаның есебінен жалдаймыз, жалақы – үш мың доллар», – деп бір-ақ айтып салды," - деді.

Продюсер Баян Мақсатқызы Ресейдің музыкатанушы әрі әдебиет сыншысының ұсынысын не үшін қабылдамағанын да айтып берді.

"Ол сөйлеп тұрған сәтте-ақ мен жауабымды біліп тұрдым – ЖОҚ. Мен әрдайым білгенмін, қазір де білемін. Менің орным – өз Отанымда. Осында мен өз жолыммен жүріп келемін. Қызығы мол, мазмұны бай, оқиғасы мен жобасы көп, адамдарға толы жол. Мен бақытты адаммын, мен шығармашылықпен өмір сүремін! Қазір де ойым жаңа жоба туралы, жаңа жобалар туралы. Олардың бәрі биікке, әсемдікке, музыкаға қатысты!"- деді Баян Мақсатқызы.

Айта кетейік, Святослав Бэлза 2014 жылғы 3 маусымда өмірден өтті. Ол сол кезде Германияның Мюнхен қаласында қайтыс болғаны хабарланған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz