Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сұлулықтың құрбаны: Марқұм блогердің қызы анасына қатысты мән-жайды айтып, көмек сұрады

Сұлулықтың құрбаны: Марқұм блогердің қызы анасына қатысты мән-жайды айтып, көмек сұрады
Ашық дереккөз

Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қызы анасының қазасына байланысты қоғамнан көмек сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның қызының айтуынша, 53 жастағы Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Алматыдағы жеке пластикалық хирургия клиникасында липосакция отасы кезінде көз жұмған. Оның сөзінше, дәрігерлер операция жергілікті анестезиямен өтетінін және ең көбі бір жарым сағатқа созылатынын айтқан.

«Бір сағат. Бір жарым. Екі. Үш. Сұрақтарымызға ешкім жауап бермеді. Тек үнсіздік болды. Анамыздың қайтыс болғанын туысымызға кешкі сағат 18:00 шамасында ғана айтты», – деп жазды блогердің қызы Threads желісінде.

Сондай-ақ отбасы жедел жәрдемнің тек кешкі сағат 19:00-де келгеніне күмән келтіріп отыр.

«Үш сағат бойы ол жабық есіктің ар жағында жалғыз жатты. Ал біз ештеңе білмедік. Дәрігерлер неге бірден хабарламады деген сұрақ әлі де мазалайды», – деді марқұмның қызы.

Оның айтуынша, отбасы қазір дәрігерлер анасын аман алып қалуға әрекет жасалды ма және неге жедел жәрдем бірден шақырылмады деген сұрақтарға жауап іздеп жатыр.

«Анамыздың өліміне қатысты барлық мән-жай анықталмайынша, клиника жаңа пациенттерді қабылдауды жалғастырып отыр. Біз әділ тергеу жүргізуді және клиника қызметін уақытша тоқтатуды талап етеміз», – деді ол.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.