Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банктің не ойлағаны бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сүлікқара күйеубалалар мен келіндерге көз үйрете беру керек - журналист

Сүлікқара күйеубалалар мен келіндерге көз үйрете беру керек - журналист
Әлеуметтік желіден

Белгілі журналист Мөлдір Бақыт қызы шетелдікке тұрмысқа шыққан экс-шенеунік Мұхтар Жәкішевтің отбасына қатысты ойын тарқатты, деп хабарлайды kznews.kz.

- Жәкішевтің қызына қатысты осы күндері басыма келіп кеткен 1045 ой)

Алтынай 1999 жылғы, әкесі сотталғанда небәрі 10 жаста болған. Тілі жастайынан ағылшынша шыққанға ұқсайды. Инстаграм парақшасында 2016 жылдан бері жүктеген суреттері бар. 15 жастағы қыз ол кезде Қазақстанда тұрды ма, әлде шетелде жүрді ме белгісіз. Желідегі жазбалары ағылшынша.

Ал 2009 жылы БАҚ-қа сұхбат берген Жәкішевтің 20 жастағы үлкен қызы Айгерім Лондонда оқып жатқан студент болған.

Қазіргі ньюсмейкер сіңілісі сол кезде әпкесінің соңынан Анлгияға кетті ме, әлде балалар бұрыннан Лондонда тұрды ма, білмедім.

Әкелері осал адам емес, дегенмен, ақшасын санайсың, - деп жазды журналист.

Ондағы дерекке қарағанда, Жәкішев Мәскеудегі оқуын бітірген соң, 1992-96- жылдары “Бутя” компаниясының қаржы директоры болып жұмысқа тұрған.

1998-жылға дейін түрлі АО-ларда жұмыс істеп, 1998-2009 арасы, яғни, 10 жыл бойы “Қазатомпромда” төраға болған.

- Жалақысы мен бонустарына бала-шағасын Лондонда оқытқан шығар. Ұлттық компанияның табысы жаман емес қой, - дейді Мөлдір Бақыт.

Жәкішевке 2009 жылы тағылған айыптың бірі (КазТаг):

“Так, в частности, по версии следствия, в 2003 году при отсутствии на это служебных оснований, под предлогом взаимодействия с МАГАТЭ, М. Джакишевым было открыто представительство «Казатомпрома» в Вене. Руководителем и работниками данного представительства числились сотрудники посольства РК в Австрии или их близкие родственники, не выполнявшие никаких служебных функций. В частности, как утверждает генпрокуратура, в разное время директорами формально назначались мать сотрудницы посольства Эльнары Шоразовой, а также супруга Вадима Кошляка – приближенного экс-посла Рахата Алиева”.

- Хмда…

Ал құдалыққа қатысты, бұрын Жәкішев, Мыңбаев секілді алпауыттардың балалары ғана шетелде оқып, жұмыс істесе, қазір ортаңғол отбасылардың да бала-шағасы сыртта. Осы ФБ-ның өзінде көбінің ұрпағы шетелде.

Демек, шетелдіктермен отбасын құратын қазақтар саны енді артпаса, кемімейді. Сүлік қара күйеу балалар мен келіндерге көз үйрете беру керек-ау.

Ал жеке пікіріме келсек, балаларым қазақтан ғана қыз алғанын қалаймын. Бірақ, соңғы күндері желідегі “прогрессив” адамдар фонында өзімді бір ескінің сарқыншағы сезініп қалғаным рас, - деп түйіндеген жазбасын журналист.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.