Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ардақты ағайын, осы Reels-ке сіздердің қолдауларыңыз қажет. Видеоны таратып, ал маған сәттілік тілеп қойыңыздаршы.
Қазақтың кең даласынан маған да аядай жер бұйырды. Қазір бос жатқан жер теліміне өзімнің армандаған үйімді салғым келеді. Бұл үйдің ауласында болашақ әйелімнің беташары боп, ал ата-анам немерелерін ойнатады деп елестетемін.
«Жігітке ниет жолдас»,- дейді. Ниетім сіздерден ақжарма тілек пен үлкендерден бата алып, құрылысты бастау.