KZNews.kz
Жаңалықтар

Сүйінші, ағайын! Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионына көлік сыйлайтын болды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Arasha.kz коллажы

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа тосынсый жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жас спортшыны тарихи жетістігімен құттықтап, оған деген ықыласын білдірді. Димаштың айтуынша, Шайдоровтың мұз үстіндегі өнері тек алтын медаль әкеліп қана қоймай, күллі елге рух пен шабыт сыйлаған.

"Құрметті ағайын, бұл – нағыз мереке! Мұздағы шеберлігің сені чемпион етіп қана қойған жоқ, барша халыққа жігер берді. Халқыңның сенімін ақтадың. Өз бағдарламанда менің әнімді пайдаланып, мені де қуанттың. Елге оралған соң, темір тұлпарды сыйға тартамын", – деді әнші.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан тарихындағы екінші Олимпиада чемпионы атанды. Бұған дейін елімізге алғашқы алтын медальді 1994 жылы Владимир Смирнов әперген болатын.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →