Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сүйінші, ағайын! Аймағамбетов ел асыға күткен жаңалықты хабарлады (ВИДЕО)

Сүйінші, ағайын! Аймағамбетов ел асыға күткен жаңалықты хабарлады (ВИДЕО)
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Қазір Қазақстанда жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасы (ЖМЗЖ) 2,5% мөлшерінде белгіленген, деп хабарлайды kznews.kz. 

Бұл көрсеткіш 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін өседі. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жұмыс берушілер төлейтін жарнаның 4%-ын қызметкердің жеке шотына аудару туралы ұсыныс жасады.

«Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) әрқайсымыздың жалақымыздан 10% міндетті түрде ұсталады. Өткен жылдан бастап жұмыс берушілер де өз қаражатынан қосымша жарна аударуға міндеттелді. Біз сол қосымша 5%-дың 4%-ын қызметкердің жеке шотына, ал 1%-ын ортақ қорға аударуды ұсынып отырмыз. Себебі елімізде жалақы алмайтын, бірақ зейнетақы төлеміне мұқтаж азаматтар бар», — деді депутат.

Аймағамбетовтің айтуынша, бұл бастама жұмыс істейтін азаматтардың жеке жинағын арттыруға, ал 1% көлеміндегі ортақ жарна әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға зейнетақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталмақ.

«Мысалы, сіз ақпарат саласында жұмыс істесеңіз, жалақыңыздың 10%-ы БЖЗҚ-ға түседі. Бұған қоса, жұмыс беруші де 5% қосады. Біз соның 4%-ын қызметкердің өзіне, 1%-ын жалпы қорға бағыттау тиімді деп санаймыз. Бұл ұсынысты бұрынғы Ұлттық банк төрағалары мен қаржы саласының мамандары да қолдап отыр», — деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер