KZNEWS.KZ
Әлеумет

Шұғыл: FlyArystan ұшағынан өрт шығып, қызметкер зардап шекті

Асқар Алтайұлы
Фото: видеодан скрин алынды

Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағына техникалық қызмет көрсету кезінде өрт шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Air Astana компаниялар тобының мәліметінше, оқиға жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде болған. Өртті әуежайдың тиісті қызметтері сөндірді.

Оқиға салдарынан Air Astana қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілген. Кейін қызметкердің ауруханадан шығарылғаны хабарланды. Өрт шыққан ұшақ уақытша пайдаланудан алынды.

«Air Astana компаниялар тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – делінген компания хабарламасында.

Оқиғаның нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →