Астанада жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шұғыл: Air Astana Дубайға ұшқан ұшақты кері қайтарды

Шұғыл: Air Astana Дубайға ұшқан ұшақты кері қайтарды
Фото: Асқар Беков

Air Astana әуе компаниясының Астана – Дубай бағытындағы KC205 рейсі межелі жеріне жетпей, кері қайтарылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ 12 шілде күні таңғы сағат 07:10-да Астанадан ұшып шыққан. Алайда ұшу барысында қауіпсіздікке байланысты шешім қабылданып, әуе кемесі қайтадан Астана әуежайына оралған.

Сонымен қатар, 12 шілде күні сағат 08:50-де Алматыдан Дубайға ұшуы тиіс болған KC897 рейсі де тоқтатылды. Компания жолаушыларға билеттердің толық құны сатып алынған жері арқылы қайтарылатынын хабарлады.

Air Astana рейстер кестесіндегі өзгерістерді Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланыстырды. Әуе тасымалдаушы өңірдегі ахуалды жіті бақылап отырғанын айтып, жолаушыларға сапар алдында рейстердің мәртебесін міндетті түрде алдын ала тексеруге кеңес берді. Компанияның мәліметінше, алдағы уақытта да ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Иран аумағына соққы жасаған болатын. Вашингтон бұл әрекетін ирандық күштер контейнер тасымалдаушы кемеге шабуыл жасады деген мәлімдемемен түсіндірді. Өз кезегінде Тегеран Ормуз бұғазын қайта жабатынын жариялап, кез келген жауап әрекетіне қатаң жауап беретінін ескерткен.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.