Пашинян жеңісі: Тоқаев Армениямен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шу ауданында Қазақмыстың қолдауымен жаңа спорт кешені ашылды

Шу ауданында Қазақмыстың қолдауымен жаңа спорт кешені ашылды
фото: Қазақмыс баспасөз бөлімі

Шу ауданының Көкқайнар ауылында күреспен боксқа арналған заманауи спорт залының құрылысы аяқталды. Бұқаралық спортты дамытуға және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бұл әлеуметтік жоба «Қазақмыс» Тобының әлеуметтік әріптестік жөніндегі меморандумы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жалпы ауданы 481,6 м² құрайтын жаңа бір қабатты спорт кешені тәрбиеленушілерді қабылдауға дайын. Нысан қауіпсіздік стандарттарына сай жобаланды және бір ауысымда 30-ға жуық бала мен жасөспірімнің жаттығуына мүмкіндік береді. Күрес пен бокс залдарының әрқайсында бір мезетте 15 адамға дейін жаттыға алады.

Кешеннің ішкі кеңістігі барынша ыңғайлы ұйымдастырылған. Мұнда арнайы жаттығу аймақтары, ыңғайлы киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер, санитарлық торап және жаттықтырушыларға арналған кабинет қарастырылған. Іргелес аумақта келушілер үшін арнайы автотұрақ, ал ғимараттың жанында таза ауада спортпен шұғылдануға арналған алаң жасалды.

Жобаны іске асыруға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 268,5 млн теңгені құрады. Ауылдық аумақта заманауи нысанның пайда болуы сапалы спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттырды. Жаңа кешен ауыл жастарына қолайлы жағдайда жаттығуға, жарыс өткізуге мүмкіндік береді және ауылдан шықпай-ақ болашақ спортшыларды даярлауға берік негіз қалыптастырады.

Жобаны қолдау «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары орналасқан өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.