Динара Сарыева "Ақтау аруы - 2018" байқауының жеңімпазы атанды. 18 жастағы бойжеткен қазылар алқасының жүрегін жаулап алған деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото: lada.kz
Source: UGC
Байқау бес кезеңнен тұрған: флеш-моб, өзін таныстыру, дефиле, Ақтау туралы хикая және өнер көрсету.
Осы кезеңдердің нәтижелері бойынша қазылар алқасы Динара Сарыеваға жеңімпаз деп тапты.
Динара Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқиды.
Фото: lada.kz
Source: UGC
Бойжеткен байқаудың соңына дейін өзіне сенімсіз болғанын мәлімдеді.
"Ақтық сайыста "вице-ару" лауазымын жеңіп алған қыздың тегін естігенде, қандай да бір лауазым алу мүмкіндігім азайып бара жатқанын түсініп, жылап жібере жаздадым. Бірақ сосын менің есімім мен нөмірімді атады, сол сәтте ең үздік болғанымды түсіндім", - деп ағынан жарылды Динара.
Бойжеткеннің бойы 180 сантиметрге жуық, параметрлері: 92-72-100.